
Ақтауда «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы аясында «Fashion Skills Hub: Дәстүрді жалға, сәнді жаса!» көрмелік-практикалық алаңы ұйымдастырылды.
21 қазанда Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өңірлік білім беру-өндірістік кластерінің ашылу рәсімі өтті. Осыған орай «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы аясында «Fashion Skills Hub: Дәстүрді жалға, сәнді жаса!» көрмелік-практикалық алаңы ұйымдастырылды. Алаңда BabySkills, Abilympics және DalaSkills бағыттары бойынша қатысушылар тігін өнері, киім дизайны және ұлттық қолөнер саласындағы қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

