Өрлеу

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: АЛҒАШҚЫ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: АЛҒАШҚЫ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және ұлттың рухани дамуына серпін беру жөніндегі бастамалары аясында қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасын табуда. Осы жоба шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ еліміздің өңірлеріндегі филиалдар арасында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясын ұйымдастырып, ұжым қызметкерлері арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған игі бастаманы жүзеге асыруда.

Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуды кәсіби әрі тұлғалық дамудың ажырамас бөлігіне айналдыру.

📖 Акция аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған жеребе нәтижесінде «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына қазақ халқының даңқты батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бұйырды. Осылайша, филиал ұжымы алғашқы кітап оқу сессиясына аталған туындыны таңдап, шығарманың мазмұны мен тағылымдық мәнін тереңірек зерделеуге мүмкіндік алды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар