Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасындағы үшжақты келісім негізінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама бойынша 2026 жылы Сыр өңіріндегі білім беру ұйымдарының 278 педагогі қаржылық сауаттылықтарын арттырып, сертификаттар табысталды. Оның ішінде:

- 266 педагог – орта білім беру ұйымдарынан;

- 12 педагог – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан.

Курс барысында тыңдаушылар қаржылық жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, ұлттық қаржы жүйесінің құрылымын, жеке бюджет пен жинақты тиімді басқару тетіктерін, сондай-ақ инвестициялаудың негізгі қағидаттарын меңгерді. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, алынған дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға басымдық берілді.

Қаржылық сауаттылық – қаражатты тиімді басқарумен ғана шектелмейтін, саналы шешім қабылдауға және болашақты жоспарлауға мүмкіндік беретін маңызды өмірлік дағды.

Педагогтердің осы бағыттағы білімін жетілдіру – қаржылық мәдениетті білім беру үдерісіне енгізудің және өскелең ұрпақтың қаржылық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызды қадамы.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар