САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді
курстан кейінгі қолдау мақсатында «Үштік спираль» моделі аясында тарих және
құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған бірлескен
онлайн вебинар өткізілді. Вебинар «Тиімді сабақ жоспары: оқу мақсатын SMART
мақсатына айналдыру өнері» тақырыбына арналды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің
біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтердің
қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары негізінде ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – біліктілікті арттыру
курсынан өткен тарих және құқық негіздері пәндері мұғалімдерінің сабақ
жоспарлау тәжірибесін зерделеу, оқу мақсаттарын SMART форматына бейімдеу
барысында кездесетін қиындықтарды анықтау, тиімді әдістемелік шешімдерді
талқылау және алдағы курстан кейінгі қолдау бағыттарын айқындау.
Вебинар барысында өңірлік білім берудің
тарихи-гуманитарлық бағыттағы басымдықтары мен пәндік сұраныстар қарастырылды.
Мұғалімдер курстан кейінгі кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қысқа мерзімді сабақ
жоспарларын әзірлеу кезінде оқу мақсаттарын нақтылау, өлшенетін нәтижелерді
белгілеу, дескрипторлар құрастыру және сараланған тапсырмаларды жоспарлау
мәселелерін ортаға салды.
Практикалық талқылау аясында:
- Қазақстан тарихы сабақтарында ауқымды оқу мақсаттарын
SMART форматына бейімдеу;
- Дүниежүзі тарихы сабақтарында тарихи деректермен жұмыс
істеу мақсаттарын нақтылау;
- құқық негіздері пәнінде жағдаяттық тапсырмалар арқылы
өлшенетін оқу нәтижелерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында курстан кейінгі қолдаудың алдағы
кезеңіне арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары талқыланып, нақты бағыттар
айқындалды. Атап айтқанда, мұғалімдердің SMART мақсат қоюға қатысты әдістемелік
сұраныстарын жинақтау, практикалық воркшоп өткізу, тиімді қысқа мерзімді
жоспарлар үлгілерінің электронды қорын қалыптастыру және мектепішілік пән
бірлестіктерінде озық тәжірибелерді тарату көзделді.
Сонымен қатар курстан кейінгі қолдау жұмыстарының
нәтижелілігін бағалау мақсатында үш айдан кейін аралық мониторинг жүргізу,
педагогтердің сабақ жоспарлау тәжірибесіндегі өзгерістер мен SMART мақсаттарды
қолдану динамикасына кері байланыс алу жоспарланды.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді
курстан кейінгі жүйелі әдістемелік қолдау, тәжірибе алмасу және кәсіби
рефлексия арқылы жалғастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын
табады.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді