Өрлеу

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.
Оқу бағдарламасы аясында сабақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумағында өткізіліп, дәрістерді банк мамандары жүргізуде. Кездесулердің бірі «Ұлттық қаржы жүйесіне шолу» тақырыбына арналды.
Дәріс барысында қатысушылар Қазақстанның қаржы жүйесінің құрылымы, оның негізгі институттары мен қызмет бағыттары, сондай-ақ ұлттық экономикадағы рөлі туралы мәлімет алды. Банк мамандары қаржы жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне тоқталып, тақырып бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Мұндай форматтағы оқыту педагогтердің қаржы саласындағы білімін кеңейтіп қана қоймай, теориялық ақпаратты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Курс аясында қатысушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға және қаржы мәселелеріне қатысты білімдерін жүйелеуге бағытталған оқу сабақтары жалғасады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар