Өрлеу

Президент Жолдауы – білім беру саласын дамытудың маңызды бағдары

 Президент Жолдауы – білім беру саласын дамытудың маңызды бағдары
Бүгін «Өрлеу» Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын тыңдады.

Жолдауда білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, педагогтердің кәсіби әлеуетін жетілдіру, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілді.

Жолдаудан кейін филиал мамандары көтерілген міндеттерді талқылап, білім беру жүйесін дамыту мен педагогтердің кәсіби өсуін қолдаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

«Өрлеу» Маңғыстау филиалы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау және сапалы білім беруге бағытталған бастамаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Президент Жолдауы – білім беру саласын дамытудың маңызды бағдары — Өрлеу