«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.
🎯 Мақсаты: Шағын жинақты мектептерде (ШЖМ) инклюзивті білім беруді дамыту, STEAM тәсілі мен жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді енгізу жолдарын талқылау.
Тәжірибе алаңы: Ерекше оқу құралдары, робототехника, гидропоника, медиастудия және басқа да үйірме жұмыстарының көрмесі ұсынылып, шеберлік сағаттар өтті.
Шағын жинақты мектептер – шағын сынып, үлкен мүмкіндік! Әрбір бала сапалы білім мен тең мүмкіндікке лайық.
Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!

«Үздік қала мектептерінің ерекшеліктері: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институты ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалардың білім сапасын арттыруға арналған маңызды секциялық мәжіліс өткізді.

Бастауыш мектептегі инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру
Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — облыстың бастауыш сынып мұғалімдері — инклюзивті тәжірибелерімен өзара бөлісті. Сабақ барысында педагогтер оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін таныстырды.