Бастауыш мектептегі инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — облыстың бастауыш сынып мұғалімдері — инклюзивті тәжірибелерімен өзара бөлісті. Сабақ барысында педагогтер оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін таныстырды.
Ұстаздар математика және сауат ашу сабақтарындағы тапсырмаларды бейімдеу жолдарын, визуалды тіректерді, мнемотехника мен сүйемелдеу карточкаларын қолдану тәжірибесін көрсетті. Мұндай құралдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға материалды жеңіл меңгеруге және сабақта сенімді сезінуге көмектеседі.
Бұл тәжірибе алмасу курстың қатысушыларына әдістемелік қорын жаңа құралдармен толықтыруға мүмкіндік берді. Мұғалімдер бұл әдістерді әр балаға қолайлы орта қалыптастыру үшін күнделікті жұмысында қолдана алады.

Басқа жаңалықтар

«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»
«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!

«Үздік қала мектептерінің ерекшеліктері: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институты ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалардың білім сапасын арттыруға арналған маңызды секциялық мәжіліс өткізді.