Маңғыстау «Адал азамат – ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиенің жемісі» тақырыбында кездесу өтті

Адал
азамат – ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиенің жемісі
Маңғыстау
облыстық Қабиболла Сыдиықов атындағы кітапхана базасында «Өрлеу» Маңғыстау
филиалының ұжымы көрнекті қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым Өмірзақ Озғанбаевпен
тағылымды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі өзегі – ұрпақ тәрбиесі, ұлттық
құндылықтарды дәріптеу және отбасы тәрбиесінің қоғамдағы маңызы болды.
Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде «Адал
азамат» қалыптастыруда отбасының, әсіресе әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен
жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Отбасындағы
өнегелі тәрбие – баланың адамгершілік қасиеттерінің, ұлттық болмысы мен
азаматтық ұстанымының қалыптасуының негізі екені атап өтілді.
Ұлы тұлғалардың өмір жолын, ел дамуына қосқан
үлесін жас ұрпаққа үлгі ету қажеттігі айтылды. Тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау арқылы өскелең
ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық сана мен рухани
құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен қозғалды.
Кездесу барысында ұстаздың қоғамдағы
орны мен жауапкершілігіне де ерекше назар аударылды. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, жас
ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілікті, ұлттық құндылықтарды сіңіретін
тәрбиеші. Сондықтан білім мен тәрбиені қатар алып жүру – әр педагогтің басты
міндеті. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды қалыптастыру үшін педагогикалық ұжымның ортақ идея мен мақсат
төңірегінде топтасуы маңызды екені айтылды. Өйткені жас ұрпаққа құндылықтарды
сіңіру – бір ғана ұстаздың емес, бүкіл қоғам мен білім беру ұйымдарының ортақ
жауапкершілігі.
Тағылымы мол кездесуде қатысушылар
ұрпақ тәрбиесі, ұлттық руханият, отбасы құндылықтары мен адал азамат
қалыптастыру жолындағы өзекті ойлармен бөлісіп, рухани азық алды.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
