Өрлеу

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР


26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орaл қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.

Кездесу барысында қатысушылар PIRLS, TIMSS және МОДО халықаралық және ұлттық мониторингтік зерттеулерінің нәтижелерін қарастырып, бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындау кезінде кездесетін типтік қиындықтарын талқылады. Әсіресе дәстүрлі жаттығуларды білімді күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағытталған практикалық тапсырмаларға айналдыру жолдарына басымдық берілді. Өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бастауыш сынып мұғалімдері Г.Ч. Калиева, Т.Г. Чубарь, А.Т. Жақсығұлова және Г.Е. Әбуева бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді, практикалық тапсырмалар үлгілерін және оларды бағалау жолдарын ұсынды.

Әдістемелік зертхана аясында педагогтер оқу тапсырмаларын өз бетінше құрастырып, мақсатты дағдыларды анықтады, өмірлік жағдаяттарды іріктеді, проблемалық тапсырмаларды тұжырымдап, бағалау критерийлерін әзірледі. Практикум қатысушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тетіктері туралы түсінігін тереңдетіп қана қоймай, алған білімдерін оқу үдерісінде қолданудың нақты құралдарын меңгеруге мүмкіндік берді. Кездесу соңында педагогтер қорытынды жасап, игерген әдістемелік шешімдерді өз тәжірибелеріне енгізу бағытындағы алдағы қадамдарын айқындады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар