Өрлеу

Тұрғын емес үй-жайды мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

Тұрғын емес үй-жайды мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

Хабарландыру нысанасы: мына мекенжайда орналасқан бастапқы әрлеу (черновая отделка) күйіндегі тұрғын емес үй-жай: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 150/230, т.е.ү. 935 («Гауһартас» тұрғын үй кешенінің үш қабатты ғимаратының үшінші қабатында).

Жалпы ауданы: 306,9 (үш жүз алты бүтін оннан тоғыз) шаршы метр.

Жалдау ақысының мөлшері: айына 1 шаршы метр үшін ҚҚС-сыз 2 500 (екі мың бес жүз) теңге. Жалдау ақысы ай сайын төленеді.

Коммуналдық, пайдалану және өзге де шығыстар Жалдау шартының талаптарына сәйкес бөлек төленеді.

Нысаналы пайдаланылуы: үй-жай пайдалану мақсаты объектінің функционалдық және техникалық мақсатына, қауіпсіздік, санитариялық, өртке қарсы және өзге де міндетті талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыру үшін беріледі.

Қатысуға Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы хабарландырудың талаптарына сай келетін жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жіберіледі.

Жеңімпазды айқындау тәртібі: хабарландыру талаптарына сай келетін және бастапқы жалдау ақысынан төмен болмайтын ай сайынғы жалдау ақысының ең жоғары мөлшерін ұсынған өтінім беруші жеңімпаз болып танылады. Баға ұсыныстары тең болған жағдайда, өтінімі бұрынырақ тіркелген өтінім беруші жеңімпаз болып танылады.

Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері: өтінімдер 2026 жылғы 26 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде өтінімді (хатты) және оған қоса берілетін құжаттарды PDF форматында 2026 жылғы 3 желтоқсан күні сағат 18:00-ден кешіктірмей kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасына жолдайды. Өтінімге өтінім беруші не оның уәкілетті өкілі жеке қолымен не ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

1.      Жеке тұлға үшін — Т.А.Ә., ЖСН, орналасқан жері және байланыс деректері;

заңды тұлға үшін — атауы, БСН, орналасқан жері және байланыс деректері.

2.      Үй-жайды пайдалану мақсаты.

3.      Ұсынылатын жалдау мерзімі.

4.      Ай сайынғы жалдау ақысының ұсынылатын мөлшері.

5.      Хабарландыру талаптарымен және Жалдау шартының жобасымен келісетінін растау.

Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1.      Жеке тұлға үшін — жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.

2.      Дара кәсіпкер үшін — ДК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.

3.      Заңды тұлға үшін — мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.

4.      Егер өтінімді өкіл берген жағдайда, өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

Қосымша талаптар:

1.      Жалға берілетін үй-жай бастапқы әрлеу күйінде беріледі.

2.      Жалға алушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қажетті инженерлік жүйелерді орнату мен пайдалануға беруді қоса алғанда, үй-жайға өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуге міндеттенеді.

3.      Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңіне Жалға алушыға Қоғам Басқармасының шешімі негізінде жеке айқындалатын, бірақ 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге жалдау каникулдары берілуі мүмкін.

4.      Жалдау каникулдары кезеңінде жалдау ақысы есептелмейді. Коммуналдық, пайдалану және өзге де міндетті шығыстарды төлеуді Жалға алушы Жалдау шартына сәйкес жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат: өтінім берушілер Қоғаммен алдын ала келісу бойынша үй-жайды алдын ала қарап шығуға, сондай-ақ жалдау талаптары бойынша түсіндірмелер алуға және Жалдау шартының жобасымен танысуға құқылы.

Өтінім беруші Қоғамның электрондық поштасына тиісті хабарлама жолдау арқылы өтінімді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. Белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Техникалық қателер немесе мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда, Қоғам өтінімнің баға ұсынысы мен өзге де елеулі талаптарын өзгертпестен нақтылауларды немесе қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

 

Мекенжайы: Астана қ., Достық көшесі, 18, 22-қабат, 13-кабинет, «Москва» БО.

Электрондық пошта: kuzhat@orleu-edu.kz

Байланыс тұлғасы: А. Қадыров

Телефон: 8 777 8500005.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар