Шардарада педагогтерге арналған оқыту семинары өтті

23-24 қараша аралығында Шардара ауданы, №1 М.Әуезов
атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарының
педагогтеріне арналған «Цифрлық білім беру контекстіндегі пәнаралық байланыс:
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың инновациялық әдістері»
тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Түркістан
облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының аға оқытушылары Айгүл Айдосова
мен Лаура Медетова жүргізді.
Семинар барысында педагогтер бірнеше пәннің мазмұнын бір
жобаға біріктіру, оқу мақсатына сай мультимедиялық материал әзірлеу және
цифрлық құралдар арқылы оқушының ілгерілеуін бақылау жолдарын қарастырды.
Мәселен, интерактивті карта деректерді салыстыруға көмектессе, цифрлық кері
байланыс оқушыға жұмысының қай тұсын және қалай жетілдіре алатынын көрсетеді.
Жаңа тәсілдің оқушыға қалай әсер еткенін анықтауда
сабақтағы нақты деректерге сүйену маңызды. Осы тұрғыда семинарда Lesson Study,
Learning Study және Action Research тәсілдеріне назар аударылды. Lesson Study
арқылы мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлап, оқушылардың тапсырманы қалай
орындағанын бақылайды. Learning Study оқушыларға меңгеру қиын болған ұғымды
анықтап, оны түрлі мысалдарды салыстыру арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. Ал
Action Research педагогке өз тәжірибесіндегі нақты мәселені зерттеп, енгізген
өзгерісінің нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Тәжірибе алмасу барысында оқыту мен тәрбиені ұштастыру
жолдары да қарастырылды. Бірлескен жоба оқушыға дерекпен жұмыс істеумен қатар,
өзгенің пікірін тыңдауға, ортақ шешім қабылдауға және өз ұсынысына
жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары ұйымдастырылды.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.