Өрлеу

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің аттестаттауға жауапты мамандары, сондай-ақ облыстық мекемелерден пилоттық жобаға қатысушы білім беру ұйымдарының аттестаттауға жауапты мамандары қатысты.

Кездесу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының жүйелік әкімшісі Маржан Муратовна аттестаттау үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, пилоттық жобаны іске асыру барысы, аттестаттау рәсімінің ерекшеліктері және ақпараттық жүйемен жұмыс істеу тәртібі бойынша түсініктемелер берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрбір сұраққа толыққанды жауап алды.

Мұндай түсіндірме кездесулер аттестаттау үдерісін тиімді ұйымдастыруға, жауапты мамандардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға және туындаған мәселелердің алдын алуға бағытталған.

«Өрлеу» филиалы педагогтерді аттестаттау үдерісін әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қолдауды жалғастырады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ — Өрлеу