AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМГЕ ДЕЙІН

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы - Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «AI дәуіріндегі жас педагог: идея, инновация, нәтиже» атты онлайн облыстық цифрлық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – жас педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдануды насихаттау және олардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету.
Қатысушылар жасанды интеллект, дербестендірілген оқыту, цифрлық бағалау, инклюзивті білім беру және болашақ мектебі бағыттары бойынша авторлық бейнероликтерін ұсынып, өздерінің жаңашыл идеялары мен кәсіби ізденістерін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар және арнайы номинациялар бойынша «Үздік AI-педагог», «Үздік AI-идея», «Үздік цифрлық бейнеролик», «Үздік инновациялық шешім» алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл байқау – жас педагогтердің әлеуетін арттыруға, озық тәжірибелерін таратуға және білім беру саласында инновациялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жас педагогтерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және тың идеяларын жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!
Басқа жаңалықтар

«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ
Жетісу облыстық «Өрлеу» БАҰО филиалында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби апталығы аясында 23 қараша күні «Адал азамат» - біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары тақырыбында семинар өтті.

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Семинардың негізгі мақсаты – биология пәні педагогтерінің оқу мақсаттарын талдау, күтілетін оқу нәтижелерін анықтау және оқушылардың пәндік білімін, функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді сабақтарды жобалау құзыреттерін жетілдіру.