Өрлеу

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биологияны оқытудың заманауи тәсілдері: оқу мақсаттары негізінде тиімді сабақ жобалау» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – биология пәні педагогтерінің оқу мақсаттарын талдау, күтілетін оқу нәтижелерін анықтау және оқушылардың пәндік білімін, функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді сабақтарды жобалау құзыреттерін жетілдіру.

Семинар барысында қатысушылар оқу мақсатынан күтілетін нәтижеге дейінгі сабақ жобалау үдерісін талдап, Блум таксономиясы негізінде оқу нәтижелерін анықтау, бағалау критерийлерін құрастыру және заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану мәселелерін қарастырды.

Практикалық бөлімде Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан келген биология пәні мұғалімдері өздерінің тиімді педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, биологиялық үдерістерді түсіндірудегі визуализация және модельдеу, зерттеуге негізделген және проблемалық оқыту, PISA форматындағы тапсырмалар әзірлеу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру, қалыптастырушы бағалау мен тиімді кері байланыс ұсыну бағыттарында практикалық жұмыстар ұсынылды.

Қатысушылар ұсынылған әдіс-тәсілдерді талқылап қана қоймай, оларды өз сабақтарының мазмұнына бейімдеу жолдарын қарастырып, оқу мақсаты, тапсырма және күтілетін нәтиже арасындағы өзара байланысты тәжірибе жүзінде пысықтады.

Семинар соңында «Ертеңгі сабаққа бір жаңалық» әдісі арқылы педагогтер меңгерген тиімді тәсілдерінің бірін таңдап, оны алдағы сабақтарында қолдану жолын және оқушылардан күтілетін нәтижені нақтылады.

Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және биология пәнін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.

Іс-шараны ұйымдастырып, мазмұнды тәжірибелерімен бөліскен барлық педагогтерге алғыс білдіреміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — Өрлеу