«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ

Жетісу облыстық «Өрлеу» БАҰО филиалында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби
апталығы аясында 24 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында
аға оқытушы Шалқар Шәкеров «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының
маңыздылығына тоқталып, оның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын
жетілдірудегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында бағдарламаның негізгі бағыттары, құндылықтарға
негізделген тәрбие үдерісін ұйымдастыру жолдары және оны күнделікті
педагогикалық тәжірибеде тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар
қатысушыларға тақырып аясында өзекті ақпараттар ұсынылып, тәжірибелік маңызы
бар мәліметтермен бөлісілді.
Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктіруге бағытталған
маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар

«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.

AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМГЕ ДЕЙІН
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «AI дәуіріндегі жас педагог: идея, инновация, нәтиже» атты онлайн облыстық цифрлық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Семинардың негізгі мақсаты – биология пәні педагогтерінің оқу мақсаттарын талдау, күтілетін оқу нәтижелерін анықтау және оқушылардың пәндік білімін, функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді сабақтарды жобалау құзыреттерін жетілдіру.