«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Өрлеу»
БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының
ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына
арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге
ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.
Мереке
Ғұсманұлы 1991–2002 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін
жетілдіру институтында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін
атқарып, өңір педагогтерінің кәсіби дамуына елеулі үлес қосты. Кездесу
барысында ардагер ұстаз Өтебай Құспанұлы Құспанов, Любовь Рамазанқызы Мажитова,
Марат Сақыпұлы Қадыров және шәкірті Светлана Хайреддиновна Мұғалбаева мерейтой
иесінің өмір жолы, ұстаздық қызметі мен адамгершілік қасиеттері туралы
естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар назарына оның өмірі мен
еңбек жолына арналған деректі фильм ұсынылды.
Іс-шара
соңында институт директоры Софья Салахиденқызы Измұханбетова мерейтой иесіне
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың атынан Алғыс хат
табыстап, институт ұжымы атынан құрмет шапанын жапты. Кездесу ардагер ұстаздың
педагогикалық мұрасын ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығы мен ұстазға деген
құрметтің маңызын айқындаған тағылымды шара болды.
Басқа жаңалықтар

AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМГЕ ДЕЙІН
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «AI дәуіріндегі жас педагог: идея, инновация, нәтиже» атты онлайн облыстық цифрлық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ
Жетісу облыстық «Өрлеу» БАҰО филиалында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби апталығы аясында 23 қараша күні «Адал азамат» - біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары тақырыбында семинар өтті.

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ТИІМДІ САБАҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Семинардың негізгі мақсаты – биология пәні педагогтерінің оқу мақсаттарын талдау, күтілетін оқу нәтижелерін анықтау және оқушылардың пәндік білімін, функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді сабақтарды жобалау құзыреттерін жетілдіру.