Өрлеу

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

Вебинардың негізгі мақсаты – география пәнін оқытуда жасанды интеллект құралдарын педагогикалық мақсатқа сай тиімді пайдалану жолдарын көрсету, өмірлік жағдаяттарға негізделген оқу тапсырмаларын ЖИ көмегімен әзірлеу тәжірибесімен бөлісу және мұғалімдердің алған білімдерін сабақ тәжірибесінде қолдануына қолдау көрсету.

Вебинар модераторы география сабақтарында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді сценарийлерін таныстырып, географиялық ақпаратты іздеу және салыстыру, картографиялық деректерді талдау, табиғи және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді сипаттау жолдарын көрсетті.

Практикалық бөлімде тыңдаушылар ЖИ көмегімен географиялық функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған оқу тапсырмаларын құрастыру, сараланған тапсырмалар әзірлеу, бағалау критерийлерін белгілеу және дайын тапсырмаларды сабақ фрагментіне бейімдеу тәжірибелерін бөлісті. Сонымен қатар ЖИ ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеру, деректердің сенімділігі, авторлық құқық, академиялық адалдық және дербес деректер қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Вебинар қорытындысында педагогтер жасанды интеллект құралдарын география сабақтарында тиімді әрі жауапкершілікпен қолданудың нақты қадамдарын айқындап, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар алды.

Курстан кейінгі қолдау – педагогтің кәсіби дамуын үздіксіз жалғастыруға және курста меңгерген білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР — Өрлеу