ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде
педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін
тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары
ұйымдастырылды.
Вебинар «Информатикада жасанды интеллект құралдарын
қолдану арқылы оқушылардың функционалдық және цифрлық сауаттылығын дамыту»
тақырыбына арналды.
Курстан кейінгі қолдау Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген
педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ
педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары негізінде жүзеге
асырылады.
Вебинардың негізгі мақсаты – информатика пәнінде
жасанды интеллект құралдарын педагогикалық мақсатқа сай қолдану жолдарын
көрсету, функционалдық және цифрлық сауаттылықты дамытуға бағытталған өмірлік
жағдаяттарға негізделген тапсырмалар үлгілерін талдау және мұғалімдердің оларды
сабақ тәжірибесіне енгізу бойынша нақты әрекеттерін жоспарлау.
Вебинар модераторы Мақпал Есенбекқызы информатика
сабақтарында ЖИ құралдарын қолданудың тиімді сценарийлерін таныстырып,
ақпаратты салыстыру, деректерді талдау, алгоритмдер мен кодтарды тексеру,
цифрлық контент әзірлеу және алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау жолдарын
көрсетті.
Практикалық бөлімде қатысушылар жасанды интеллект
көмегімен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған оқу тапсырмаларын
құрастыру, цифрлық сауаттылыққа бағытталған бағалау критерийлерін белгілеу және
тапсырмаларды сабақ фрагменттеріне бейімдеу тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар ЖИ ұсынған ақпарат пен кодтағы ықтимал
қателер, деректер қауіпсіздігі, авторлық құқық, академиялық адалдық және
цифрлық құралдардың қолжетімділігі мәселелері ортақ талқылауға ұсынылды.
Қатысушылар ЖИ нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау мен оларды педагогикалық
мақсатқа сай қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Вебинар қорытындысында педагогтер жасанды интеллект
құралдарын сабақта тиімді әрі жауапкершілікпен қолданудың келесі қадамдарын
айқындап, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар алды.
Педагогтердің кәсіби дамуына курстан кейінгі қолдау
көрсету, озық тәжірибелерді тарату және заманауи білім беру технологияларын оқу
үдерісіне енгізуге бағытталған жұмыстар «Ұстаздар үйінде» жыл бойы жалғасатын
болады.
Басқа жаңалықтар

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.