Өрлеу

ХИМИЯ САБАҒЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ВЕБИНАР ӨТТІ

ХИМИЯ САБАҒЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ВЕБИНАР ӨТТІ

25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша Кәсіби даму институты филиалының Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Г. Өтеғұлдың жетекшілігімен «Химия сабағын жобалаудың заманауи тәсілдері: цифрлық құралдар, модельді және дербестендірілген оқыту» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өтті. Кәсіби кездесуге химия пәнінің мұғалімдері қатысып, пәнді оқытудың заманауи бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

Вебинар барысында химия сабақтарын тиімді жобалау, оқу үдерісінде цифрлық құралдарды қолдану, күрделі химиялық үдерістерді модельдеу және оқытуды білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық ресурстарды сабақ мақсатына сай пайдалану, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарына назар аударылды.

Курстан кейінгі қолдау шарасы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануға және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. «Өрлеу» институты педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған осындай әдістемелік және практикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар