
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМ – БҮГІНГІ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК!
«Өрлеу» Маңғыстау филиалында Ш. Есенов университетінің аға оқытушысы Мбато Олвел Омали қонақта болды

«Өрлеу» Маңғыстау филиалында Ш. Есенов университетінің аға оқытушысы Мбато Олвел Омали қонақта болды

Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және аттестаттау талаптарын түсіндіру мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаржылық сауат — табысты өмірдің кілті!

Қаржылық сауаттылық негіздері курсы аясында білім алушыларға цифрлық активтер туралы маңызды ақпараттар ұсынылып, заманауи қаржы құралдарының ерекшеліктері талқыланды.

Бүгін педагогтерге арналған «Мұғалімнің кітап сөресі» кітап оқу клубының кезекті кездесуінде Марғұлан Сейсембайдың «Миссия выполнима» кітабы талқыланды. Кездесу барысында кітаптағы маңызды ойлар негізінде педагогтер өз өміріне, мақсатына және күнделікті әрекеттеріне жаңаша көзқараспен қарады.

Өмірзақ Озғанбайұлы – Маңғыстау өңірінің тумасы, еліміздің қоғамдық-саяси, ғылыми және білім беру салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру, Қазақстан және Ресей педагогикалық академияларының академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы мен «Mugalim development scholarship group» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашаққа бағдар» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

«Келешек мектептері» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бүгін «AIS» халықаралық мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті Білім басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық әдіскерлер форумы ресми түрде ашылды.