Өрлеу

«Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы

 «Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы
Бұл сайыс қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, әдеби-танымдық білімдерін тереңдетуге, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді. Мұғалімдер қазақ әдебиеті мен тіл білімі саласындағы білімдерін жүйелеп, көркем мәтіндерді талдау мен интерпретациялау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылар ерекше белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби ынтымақтастықты нығайтты.

Зияткерлік дода қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар I, II, III орындармен марапатталды. Сонымен қатар, «Әдеби Quiz» зияткерлік сайысында белсенді қатысып, әдеби-танымдық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін танытқан мұғалімдер:
🔹 «Зияткерлік серпін»
🔹 «Үздік командалық серіктестік»
🔹 «Сыни ойлау шеберлері»
номинацияларымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай мазмұнды шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына тың серпін берері анық.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы — Өрлеу