Өрлеу

ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жоспарына сәйкес 27 қазан мен 6 қараша аралығында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Курс жетекшісі – Махфуза Мусаева.

 

Курс барысында ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) білім алушыларды қолдау, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және оқыту үдерісін дараландыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

 

🔹 Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық базасы;

🔹 бастауыш сыныптарда Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын кіріктіру;

🔹 ЕББҚ бар білім алушылардың оқу, когнитивтік, мінез-құлықтық және эмоционалдық ерекшеліктері;

🔹 педагогикалық диагностика жүргізу және білім беру қажеттіліктерін анықтау;

🔹 оқу материалдарын бейімдеу және саралап оқыту;

🔹 дислексия, дисграфия, дискалькулия сияқты оқу қиындықтары бар оқушыларды қолдаудың тиімді стратегиялары;

🔹 цифрлық және жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тәжірибеде тиімді пайдалану;

🔹 жеке білім беру маршрутын әзірлеу және оқушының оқу нәтижелерін талдау бағыттары қамтылды.

 

«Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру» курсында педагогтер инклюзивті орта қалыптастыру, оқытуды жоспарлау, оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру, ата-аналармен және әріптестермен тиімді өзара әрекеттесу, сондай-ақ кәсіби рефлексия жүргізу дағдыларын жетілдірді.

 

Инклюзивті білім беру – әр баланың мүмкіндігін мойындап, оның сапалы білім алуына жағдай жасау. Әр баланың жетістігі – педагогтің кәсіби ізденісі мен жүрек жылуының нәтижесі!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар