
Жаңалықтар




Әріптестерімізді құттықтаймыз!
«Өрлеу» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы ҚГБ кафедрасының меңгерушісі Наталья Даниловна Подкомаровскаяны және кафедраның аға оқытушысы Асем Едильжановна Ахметованы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Алматовтың Алғыс хатын алуымен құттықтайды! Алғыс хатта олардың біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын сапалы әзірлеуге және тиімді іске асыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға қосқан үлесі атап өтілді.



«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының қорытындысын жариялаймыз!
Байқауды ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығымен ббекітілген іс-шаралар тізбесіне енгізілген, бұл оның педагогтердің кәсіби жетістіктерін мойындаудағы маңыздылығын айқындайды. Бүгін I, II және III орын иеленген жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз. Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Олардың жоғары кәсіби шеберлігі мен педагогикалық идеяларын сәтті таныстыра білуі жоғары бағалауға лайық. I орын…

«№4 орта мектеп» базасында «Өрлеу» СҚО филиалы ұйымдастырған «PISA деректерін басқару және педагогикалық қызметте интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына 104 педагог пен 66 білім алушы қатысты. Кездесуде мектеп директорлары мен директор орынбасарлары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология және басқа да пән мұғалімдері болды. Семинардың басты назарында PISA зерттеуінің деректерін дұрыс оқу және интерпретациялау, маңыздысы – зерттеу нәтижелерін нақты басқарушылық және педагогикалық шешімдерге айналдыру мәселелері болды. Пленарлық бөлімде «Өрлеу-СКО»…

СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» республикалық форумы өтті.
Форум аясында «Өрлеу» СҚО филиалының ҚҒБ кафедрасының аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапат Гүлзат Кенжебекқызына Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, өркендеу жолындағы абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін табысталды. Гүлзат Кенжебекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер…

«Өрлеу» мен Қазақстан шахмат федерациясы педагогтердің кәсіби дамуы үшін күш біріктіреді
«Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Қазақстан шахмат федерациясының Бірінші вице-президенті Дәрмен Садвакасов қол қойды. Меморандум педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шахматты білім беру үдерісінде тиімді қолдануға және бірлескен курстар мен оқу-әдістемелік жұмыстарды дамытуға бағытталған. Осы ынтымақтастық аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша…

«СҚО-Өрлеу» филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Джаксалыкова Асель Сарымовна Америкалық Орталық Азия университетінің (AUCA) Master of Arts in Teaching академиялық дәрежесін алып, магистрлік диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл маңызды жетістік – жоғары кәсібиліктің, табандылықтың, мақсаткерліктің және үздіксіз дамуға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі. Асель Сарымовна жаңа кәсіби белестерді бағындыруына, шығармашылық шабытқа, қызықты жобаларға және алдағы уақытта толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

Бүгін «СҚО-Өрлеу» филиалында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттаудың ресми салтанатты рәсімі өтті.
Конкурс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына енгізілген. Айта кету керек, конкурс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын өз тәжірибесімен, тиімді практикаларымен және нәтижелі кейстерімен бөлісуге ниетті педагогтердің қызығушылығын арттыруда. Конкурс аясында қазылар алқасы қатысушылардың арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы нақты педагогикалық жағдайлар, жұмыс әдістері мен тәсілдері…