СҚО «Өрлеу» филиалында «Кәсіби навигатор» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды!

Бекітілген кәсіби конкурстар тізіміне енгізілген байқауға білім беру ұйымдары басшылары, білім бөлімдері мен әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Биыл байқау алғаш рет ұйымдастырылып, тиімді басқару тәжірибелерін таныстыру мен таратуға арналған жаңа алаңға айналды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің тиімді басқару тәжірибелерін ұсынды. Ал екінші кезеңде қатысушылар бірінші кезеңде ұсынылған тәжірибелерін офлайн форматта кәсіби тұрғыда қорғады. Байқау кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
I дәрежелі диплом:
Зулкарнаева Жадра Темиргалиевна, «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ
II дәрежелі диплом:
Жамулдинова Жибек Искеновна, «Ж. Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ
II дәрежелі диплом:
Алимова Наталья Маратовна, «№23 орта мектеп» КММ
III дәрежелі диплом:
Хоменко Елена Владимировна, «Белов орта мектебі» КММ
III дәрежелі диплом:
Рахимова Диана Амангалиевна, «БЭСТ» гимназиясы» КММ
III дәрежелі диплом:
Батрова Енглик Енбековна, «Тюмен негізгі мектебі» КММ
III дәрежелі диплом:
Исентемирова Марина Николаевна, «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ
«Маңызды нәтиже» номинациясы:
Абуова Махаббат Куанышевна, «Новоишим №2 орта мектебі» КММ.
«Тиімді тәжірибе» номинациясы:
Тасимова Айымгуль Каршыгиевна, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Идеяларыңыздың табысты жүзеге асуы мен жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ – ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы – білім беру сапасын арттырудың маңызды алғы шарттарының бірі.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы өз мәресіне жетті.

Қаржылық сауаттылық — сенімді болашақтың кілті: Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалындағы жыл қорытындысы
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған биылғы соңғы педагогтер тобына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.