Өрлеу

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ – ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ – ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы – білім беру сапасын арттырудың маңызды алғы шарттарының бірі. Курстан кейінгі қолдаудың негізгі міндеті – педагогтің алған білімін күнделікті тәжірибесіне енгізуіне жағдай жасау, кәсіби бастамаларын қолдау және тиімді педагогикалық тәжірибелердің таралуына ықпал ету.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында филиалда «Қазіргі мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өтті. Кездесу барысында тәлімгерлік қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері, мектептегі тәлімгерлікті жоспарлау ерекшеліктері, жас мұғалімнің сабағын бақылау мен талдау жолдары, сондай-ақ тәлімгерліктің заманауи модельдері мен формалары талқыланды.

Вебинар мазмұнында «Үштік модельдің» өзара ықпалдастық қағидаты да маңызды орын алды. Бұл модель педагогтің кәсіби дамуын жеке әрекет шеңберінде қалдырмай, Облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы және педагогтер арасындағы жүйелі байланысты нығайтуға бағытталған. Мұндай өзара әрекет курста қалыптасқан құзыреттердің мектеп тәжірибесінде орнығуына, әдістемелік қолдаудың нәтижелі ұйымдастырылуына және тәжірибенің таралуына мүмкіндік береді.

Тәжірибелік іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар тәлімгерлік барысында кездесетін кедергілерді, оларды еңсеру жолдарын және тиімді педагогикалық тәжірибелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға, үздік тәжірибелерді таратуға және білім беру ұйымдарында үздіксіз кәсіби даму мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік қолдау жұмыстары Ұстаздар үйінде жыл бойы жалғасатын болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар