Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: әріптестік меморандумына қол қойылды!

2026 жылғы 12 қарашада «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы мен Ақмола облысы білім басқармасынын Психологиялық қолдау орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.
Аталған келісімді жасасуға Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы бастамашы болды. Іс-шараға Орталық атынан басшысы Шокимова С.А. және Орталықтың Expert Lab үйлестірушісі, педагог-психолог Хайруллина О.Н. қатысты.
Меморандумның негізгі мақсаттары:
* Тараптар арасындағы әріптестік байланысты дамыту және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
* Психологиялық сүйемелдеу, педагогтер қауымдастығын қолдау бағытында күш-жігерді біріктіру.
* Мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бұл келісім бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және білім беру жүйесінде психологиялық қолдаудың тиімді тәжірибелерін енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Алдымызда өңіріміздің педагогикалық кадрларын дамыту жолындағы жемісті жұмыстар күтіп тұр!
Басқа жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ – ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы – білім беру сапасын арттырудың маңызды алғы шарттарының бірі.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы өз мәресіне жетті.

Қаржылық сауаттылық — сенімді болашақтың кілті: Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалындағы жыл қорытындысы
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған биылғы соңғы педагогтер тобына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.