Қаржылық сауаттылық — сенімді болашақтың кілті: Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалындағы жыл қорытындысы

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған биылғы соңғы педагогтер тобына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараның құрметті қонағы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Ақмола филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бастығы Данияр Мағбұлұлы Ахметжанов курс тыңдаушыларына қатысып, іс-шараның маңыздылығын арттырды.
2026 жыл өңір мұғалімдерінің қаржылық құзыреттіліктерін дамыту бағытында жемісті болды: биыл филиалда «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасы бойынша Ақмола облысының барлығы 478 педагогі біліктілігін арттырды.
Кездесу барысында «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Жанна Қалымқанқызы Байғаринова сөз сөйлеп, бұл бағыттын стратегиялық маңыздылығына тоқталды:
«Заманауи педагог — тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар балаларға қарқынды өзгеріп жатқан әлемнің талаптарына бейімделуге көмектесетін тәлімгер. Бүгінде қаржылық сауаттылыққа оқыту — өскелең ұрпақтың қаржылық қауіпсіздігі мен әл-ауқатына салынған инвестиция. Курста алған білімдерін ұстаздарымыз оқу процесіне тиімді енгізіп, оқушылардың бойында жастайынан дұрыс қаржылық әдеттерді қалыптастыра алады».
Өз кезегінде Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев өңір педагогтерінің белсенділігін жоғары бағалап, Ұлттық Банк пен біліктілікті арттыру жүйесінің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті:
> «Халықтың қаржылық мәдениетін арттыру — мемлекеттің басым міндеттерінің бірі, ал бұл үдерісте мұғалімнің рөлі өлшеусіз. Бюджетті жоспарлау, жинақтау және қаржылық алаяқтықтан қорғану туралы базалық білім дәл осы педагогтер арқылы әрбір отбасына жетеді. Белсенді ұстанымдары мен қаржылық сауатты қоғам қалыптастыруға қосқан үлестері үшін "Өрлеу" ұжымына және барлық тыңдаушыларға алғыс айтамын».
Педагогтерді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және жаңа білімдерін тәжірибеде жемісті қолдануларына тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ – ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы – білім беру сапасын арттырудың маңызды алғы шарттарының бірі.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы өз мәресіне жетті.

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: әріптестік меморандумына қол қойылды!
2026 жылғы 12 қарашада «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы мен Ақмола облысы білім басқармасынын Психологиялық қолдау орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.