Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

 «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы өз мәресіне жетті.
Курсқа 20-дан астам педагог қатысып, қаржыны тиімді басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржылық шешімдер қабылдау және қаражатты ұтымды пайдалану бойынша білімдерін жетілдірді.
Оқу барысында тыңдаушылар теориялық біліммен қатар, практикалық тапсырмалар орындап, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы дағдыларды меңгерді.
📹 Курс қорытындысында тыңдаушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдері мен оқу бағдарламасына қатысты кері байланыстарын білдірді.
Қаржылық сауаттылық – саналы шешім мен тұрақты болашақтың негізі!
Барлық тыңдаушыларға сәттілік және алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануды тілейміз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар