Өрлеу

9–13 қараша: педагогтерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

9–13 қараша: педагогтерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

 9–13 қараша аралығында білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары үшін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында бір апталық біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс педагогтердің қаржылық сауаттылық саласындағы білімін тереңдетіп, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 Курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сұранысы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе ұйымдастыруда. Бұл ынтымақтастық педагогтерге қаржылық сауаттылық бойынша заманауи білім мен практикалық тәжірибені ұсынуға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қаржылық мәдениетті қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.

 Курс барысында тыңдаушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен, тиімді бюджетті жоспарлау, жинақтау, қаржылық қауіпсіздік және жауапты қаржылық мінез-құлық мәселелерімен танысып, алған білімдерін білім алушыларға жеткізудің әдістемелік тәсілдерін меңгереді. «Өрлеу» оқытушылары педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін нығайта отырып, қаржылық сауаттылықтың сапалы білім берудің және білім алушылардың болашақтағы табысының ажырамас бөлігіне айналуына жағдай жасауды жалғастыруда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

9–13 қараша: педагогтерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды. — Өрлеу