Өрлеу

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 9 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба аясында Жетісу облысында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды.

Оқу бағдарламасына облыстың мектептері мен колледждерінен келген 20-дан астам педагог қатысуда.<o:p></o:p>

Апта соңына дейін жалғасатын курс теориялық білім мен практикалық сабақтарды ұштастырады. Қатысушылар жеке қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау, қаражатты тиімді пайдалану және қаржылық шешімдер қабылдау бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Курстың басты мақсаты – педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру, олардың қаржылық мәдениетін қалыптастыру және экономикалық тұрғыдан сауатты шешім қабылдау қабілетін дамыту.

Қаржылық сауаттылық – әр адамның өмір сапасына әсер ететін маңызды құзырет. Сондықтан педагогтердің бұл бағыттағы білімін жетілдіру олардың жеке әл-ауқатына ғана емес, білім алушыларға да қаржылық мәдениеттің үлгісін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ — Өрлеу