«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды

🔹Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренері – Сариева Мырзаиым Хасенқызы.
🔹 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты базасында өтіп жатқан курс орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған.
9-13 қараша аралығында өтетін курс барысында тыңдаушылар:
-
жеке қаржыны тиімді жоспарлау және басқару принциптерін меңгереді;
-
қаржы өнімдері мен қызметтерінің негізгі түрлерімен танысып, оларды тиімді әрі
қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренеді;
- алған білімдерін практикалық тапсырмалар мен өмірлік жағдаяттар арқылы бекітеді.
🔹Курс барысында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған заманауи оқыту әдістері, практикалық тапсырмалар, жағдаяттық талдау және интерактивті тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерді талдап, тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алуда.
🔹Айта кетейік,
курстың басты мақсаты – жеке қаржыны басқару саласында базалық білім беру,
түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ қаржылық шешімдер
қабылдау үшін қажетті дағдыларды дамыту арқылы педагогтердің қаржылық
сауаттылығын арттыру.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллект — білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
«Өрлеу Ақмола» курстарының тыңдаушысы, тарих пәнінің мұғалімі Сарсембай Арапов «Көкше» телеарнасындағы «Пәрменді пікір» бағдарламасында Президент Жолдауына қолдау білдіріп сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында
Облыстық телеарна эфирінде көрсетілген сюжетте «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагөз Мұқышева Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайту қажеттігін айтты.

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»: Ақмола облыстық филиалындағы алғашқы сессия
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы мен «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында Ақмола облыстық филиалында алғашқы оқырмандар сессиясы өтті.