Мемлекет басшысының Жолдауы аясында

Облыстық телеарна эфирінде көрсетілген сюжетте «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагөз Мұқышева Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайту маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұстаздар қауымының уақыты мен күшінің біраз бөлігі түрлі есептер мен қағаз толтыруға кетіп жатыр, бұл өз кезегінде педагогикалық үдерістің тиімділігіне әсер етеді.
Сарапшының пікірінше, педагогтерді артық есептер мен формализмнен босату білім сапасын арттыруға тікелей жол ашады. Мұғалімнің уақыты күнделікті қағаз жұмысына емес, тек оқушылармен тікелей жұмыс істеуге, олардың жеке қабілеттерін дамытуға және жаңа тиімді әдістемелерді тәжірибеге енгізуге бағытталуы тиіс. «Өрлеу» орталығы бұл бастама өңірдегі ұстаздар қауымы тарапынан толық қолдау тауып отырғанын және мұғалімдердің кәсіби әлеуетін толық ашуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтеді.
Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру құралдарын мектеп өміріне кеңінен енгізу арқылы есеп беру процесін жеңілдету – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл өзгерістер педагогтердің тек оқытушылық қана емес, тәрбиелік жұмыстарға да көбірек көңіл бөлуіне жағдай жасайды.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллект — білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
«Өрлеу Ақмола» курстарының тыңдаушысы, тарих пәнінің мұғалімі Сарсембай Арапов «Көкше» телеарнасындағы «Пәрменді пікір» бағдарламасында Президент Жолдауына қолдау білдіріп сөз сөйледі.

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»: Ақмола облыстық филиалындағы алғашқы сессия
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы мен «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында Ақмола облыстық филиалында алғашқы оқырмандар сессиясы өтті.

Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» біліктілікті арттыру курсы өтті.