Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету

«Өрлеу» БАҰО»
АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: Мақсаттан
күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» біліктілікті арттыру курсы өтті. Информатика
пәнінің мұғалімдеріне арналған курстың тренері – Гүлназира Қошанова.
Курс
мұғалімдердің заманауи әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект
құралдарын қолдану, зерттеу қызметін ұйымдастыру, цифрлық сауаттылықты дамыту,
құндылыққа бағытталған және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру құзыреттерін
жетілдіруге бағытталған.
Курс барысында
тыңдаушылар білім беру процесінде инклюзивті және құндылыққа бағытталған
тәсілдерді қолдануды; тәжірибеге бағытталған (функционалдық) және зерттеу
есептерін шешу арқылы білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту жолдарын
меңгерді.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді