Жасанды интеллект — білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі

«Өрлеу Ақмола» біліктілікті арттыру институтының курстарынан өткен тарих пәнінің мұғалімі Сарсембай Арапов «Көкше» телеарнасындағы «Пәрменді пікір» бағдарламасына қатысып, Президент Жолдауындағы бастамаларды жан-жақты қолдады. Тікелей эфир барысында ол жасанды интеллектті оқу үрдісіне енгізу білім беру сапасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынын ерекше атап өтті. Педагог заманауи технологиялардың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге де зор септігін тигізетінін жеткізді.
Оның айтуынша, тарих сабақтарында цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы өткен дәуір оқиғаларын интерактивті түрде көрсетуге, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұндай тәсілдер білім беру үдерісін әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеп, сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бастама Мемлекет басшысының ел болашағы үшін айқындаған стратегиялық бағыттарына толықтай сай келеді. Заман талабына сай жаңашыл қадамдар жасап жүрген ұстаздардың белсенділігі өңірдегі білім беру жүйесін жетілдіруге және жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен саналы білім беру ісіне айтарлықтай үлес қоса беретіні анық.
Басқа жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында
Облыстық телеарна эфирінде көрсетілген сюжетте «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагөз Мұқышева Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайту қажеттігін айтты.

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»: Ақмола облыстық филиалындағы алғашқы сессия
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы мен «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында Ақмола облыстық филиалында алғашқы оқырмандар сессиясы өтті.

Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» біліктілікті арттыру курсы өтті.