
Жаңалықтар — Бет 5


«СҚО-Өрлеу» филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Джаксалыкова Асель Сарымовна Америкалық Орталық Азия университетінің (AUCA) Master of Arts in Teaching академиялық дәрежесін алып, магистрлік диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл маңызды жетістік – жоғары кәсібиліктің, табандылықтың, мақсаткерліктің және үздіксіз дамуға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі. Асель Сарымовна жаңа кәсіби белестерді бағындыруына, шығармашылық шабытқа, қызықты жобаларға және алдағы уақытта толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

Бүгін «СҚО-Өрлеу» филиалында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттаудың ресми салтанатты рәсімі өтті.
Конкурс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына енгізілген. Айта кету керек, конкурс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын өз тәжірибесімен, тиімді практикаларымен және нәтижелі кейстерімен бөлісуге ниетті педагогтердің қызығушылығын арттыруда. Конкурс аясында қазылар алқасы қатысушылардың арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы нақты педагогикалық жағдайлар, жұмыс әдістері мен тәсілдері…

«Өрлеу» саясаты профессорлық-оқытушылық құрам және әкімшілік блоктың жүйелі кәсіби дамуына бағытталған. «СҚО-Өрлеу» филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілігін тұрақты түрде арттырып, оқудан өтіп, кәсіби құзыреттерін дамытып келеді.
Осы орайда директордың орынбасары Айнагуль Кабдирова «Meta Leader» халықаралық NLP&Coaching Center орталығында 280 сағаттық коучингтік оқыту бағдарламасын аяқтап, «Сертификатталған кәсіби коуч (PCC)» біліктілігін алды. Сертификат бағдарламаны толық меңгергенін және кәсіби деңгейде коучингтік құзыреттерді игергенін растайды (Association of Professional Coaches). Сонымен қатар, Британдық Кеңес пен «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан Accelerating English Language Learning…

«СҚО-Өрлеу» филиалы және «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан педагогтер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны офлайн форматта 70 педагогті, ал онлайн қосылымда 300-ден астам қатысушыны құрады. Пленарлық бөлімде төмендегі спикерлер сөз сөйледі: Лейла Альмагамбетова, Петропавл қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бақыт Алдабергенова, Петропавл…




Бүгін «Ағылшын тілі мұғалімдерінің халықаралық форумы: «Тұрақты педагог: заманауи әдістеменің цифрландырылуы және ағылшын тілін оқытудағы үздіксіз даму» тақырыбында форум өтті.
Форум түрлі елдерден келген педагогтерді, сарапшылар мен практиктерді біріктіріп, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Форум модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы Әсел Жақсылықова болды. 🎤 Пленарлық отырыс барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ оқыту мен мұғалімдерді дамытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер қатарында: • Лейла Альмагамбетова, қауымдастырылған профессор…

«Жүзден жүйрік – 2026»
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері арасында өтетін «Жүзден жүйрік – 2026» облыстық кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өтуде. Бұл – кәсіби даму, тәжірибе алмасу және шабыт алуға арналған маңызды алаң. Қатысушылар TED-talk форматында өздерінің авторлық идеяларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи тәсілдерді көрсетуде. Барлық қатысушыларға…
