
Мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру
Хабарландыру мәні: «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы ғимаратының аумағында орналасқан гараж орынжайлары. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Киевская көшесі, 69. Жалпы ақпарат: гараж орынжайлары 1994–2007 жылдары салынған, материалы — кірпіш, тиісті техникалық жағдайда, мақсатты арналымы бойынша пайдалануға жарамды. Орынжайлар жылытылмайды, электрмен жабдықтау жүйесі жүргізілген. Аумақ күзетіледі…










