Өрлеу

Lesson Study: сабақты бақылаудан бірлескен талдауға

Lesson Study: сабақты бақылаудан бірлескен талдауға

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы мен «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Lesson Study жобасы өз жалғасын табуда.

    Жоба аясында Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы фокус-топтармен бірлесіп, зерттеу сабақтарын бақылау және талдау жұмыстарына кірісті.

    Бірлескен талқылау барысында оқушылардың оқу әрекеттері, тапсырмаларды орындау ерекшеліктері, сабақ барысында кездескен қиындықтар мен қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі сараланды. Ерекше назар фокус-оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігіне, зерттеушілік дағдыларының қалыптасуына және оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейіне аударылды.

     Сабақтарды талдау нәтижесінде педагогтер өз бақылауларымен бөлісіп, зерттеу сұрағы аясында жинақталған деректерді талқылады және келесі зерттеу сабағын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

     Lesson Study – педагогтердің бірлескен ізденісі мен кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, сондай-ақ оқушылардың оқу қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Lesson Study: сабақты бақылаудан бірлескен талдауға — Өрлеу