«СҮЙІКТІ ІС – ШАБЫТ КӨЗІ: ӘРІПТЕСТЕРДІ БІРІКТІРГЕН КЕЗДЕСУ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде Кен Могидің «Икигай. Өмір сүрудің жапондық мәні» кітабының соңғы тарауларына арналған үшінші кітап сессиясы өтті.
Кездесу жапондық Комикет дәстүрінен шабыт алған «Даңқ минуты» атты шағын фестиваль форматында ұйымдастырылды. Бұл – адамдар өздерінің қызығушылықтарымен, шығармашылық жұмыстарымен және қуаныш сыйлайтын істерінің нәтижелерімен бөлісетін ерекше алаң.
Бұл жолы қатысушылар күнделікті жұмыс қарбаласынан бір сәтке арылып, өздерінің хоббилері туралы әңгімелеп, қызықты оқиғаларымен, жеке жетістіктерімен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әрқайсысы өзіне жақын әрі қымбат дүниелерін таныстырып, әріптестеріне тұлғалық болмысының жаңа қырларын көрсетті.
Кездесудің басты ерекшелігі – шынайылық, ізгі ниет пен өзара қызығушылыққа толы ерекше атмосфера болды. Мұнда бағалау да, жарысу да болған жоқ. Тек бір-бірімен бөлісуге, тыңдауға және қолдауға деген ұмтылыс басым болды.
Кездесу «Икигай» философиясының маңызды идеясын тағы бір мәрте еске салды: өмірдің қуанышы – кішкентай сәттерден, сүйікті істен және өз болмысыңды еркін таныта білуден құралады. Ал кейде өзіңе бақыт сыйлайтын дүниемен бөлісудің өзі айналаңдағы адамдарға шабыт беруге жеткілікті.
Басқа жаңалықтар

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бүгінгі білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялар тек оқыту құралын ғана емес, білім алушылардың ойлауын, зерттеушілік қабілетін және пәнге деген қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр. Әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда заманауи технологияларды тиімді пайдалану ерекше маңызға ие.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы «BILIM QAZYNA» КММ-мен бірлесіп, педагогтерге арналған аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.