Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы «BILIM QAZYNA» КММ-мен бірлесіп, педагогтерге арналған аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті кездесудің негізгі мақсаты – пилоттық жоба аясында енгізілген аттестаттау жүйесінің талаптарын түсіндіру және педагогтерді кәсіби қызмет нәтижелерін ұсыну тәртібімен таныстыру.

Іс-шара барысында педагогтердің кәсіби қызметін бағалау өлшемдері, жетістіктерді растауға қажетті материалдарды рәсімдеу және жүктеу ерекшеліктері, сондай-ақ аттестаттауға дайындық кезінде ескерілетін маңызды талаптар талқыланды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Практикалық жағдайлар негізінде туындаған мәселелер қарастырылып, нақты түсіндірмелер мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Мұндай кездесулер педагогтердің жаңа аттестаттау жүйесіне бейімделуіне, өздерінің кәсіби жетістіктері мен тәжірибесін талаптарға сай жүйелі түрде ұсынуына мүмкіндік береді.

Педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету және аттестаттаудың жаңа тәртібін түсіндіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА — Өрлеу