ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Бүгінгі білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялар тек
оқыту құралын ғана емес, білім алушылардың ойлауын, зерттеушілік қабілетін және
пәнге деген қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр.
Әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда заманауи
технологияларды тиімді пайдалану ерекше маңызға ие.
Осы өзекті мәселелерді талқылау, жаңа педагогикалық
тәсілдерді зерделеу және тәжірибе алмасу мақсатында
«Жаратылыстану-математикалық бағытындағы цифрлық трансформация: жаңа оқыту
технологиялары мен әдістері» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция
ұйымдастырылды.
Кәсіби алаңда педагогтер жаратылыстану-математикалық
пәндерді оқытудағы цифрлық шешімдерді, инновациялық білім беру технологияларын
және заманауи әдістемелік тәсілдерді қарастырып, оларды оқу үдерісінде қолдану
мүмкіндіктерімен бөлісті.
Конференция барысында цифрлық ресурстарды сабақта тиімді
пайдалану, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу,
оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, пәндік білімді
тәжірибемен ұштастыру мәселелеріне басымдық берілді.
Педагогтердің ұсыныстары мен тәжірибелік ізденістері цифрлық
трансформация жағдайында оқыту сапасын арттырудың жаңа бағыттарын айқындауға
мүмкіндік берді.
Мұндай кәсіби диалог педагогтердің әдістемелік әлеуетін
кеңейтіп қана қоймай, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді тәжірибелерді
қалыптастыруға жол ашады.
Басқа жаңалықтар

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«СҮЙІКТІ ІС – ШАБЫТ КӨЗІ: ӘРІПТЕСТЕРДІ БІРІКТІРГЕН КЕЗДЕСУ»
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде Кен Могидің «Икигай. Өмір сүрудің жапондық мәні» кітабының соңғы тарауларына арналған үшінші кітап сессиясы өтті.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы «BILIM QAZYNA» КММ-мен бірлесіп, педагогтерге арналған аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.