
«№4 орта мектеп» базасында «Өрлеу» СҚО филиалы ұйымдастырған «PISA деректерін басқару және педагогикалық қызметте интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына 104 педагог пен 66 білім алушы қатысты. Кездесуде мектеп директорлары мен директор орынбасарлары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология және басқа да пән мұғалімдері болды. Семинардың басты назарында PISA зерттеуінің деректерін дұрыс оқу және интерпретациялау, маңыздысы – зерттеу нәтижелерін нақты басқарушылық және педагогикалық шешімдерге айналдыру мәселелері болды. Пленарлық бөлімде «Өрлеу-СКО»…










