КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ

Педагогтердің
біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын
педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды
шарты. Осы тұрғыдан алғанда, курстан кейінгі қолдау педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін арттыруға бағытталған жүйелі үдеріс болып табылады.
Курстан
кейінгі қолдау жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген қағидалар негізінде жүзеге
асырылады.
Осы
міндеттерді іске асыру аясында филиалда «Оқу процесінде қолданылатын
инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы стандарт талаптарына
сәйкестендіру» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өткізілді.
Вебинар
«Үштік спираль» моделі негізінде ұйымдастырылып, өңірлік білім беру
басымдықтары, ғылыми-әдістемелік қолдау және педагогтердің практикалық қызметі
арасындағы өзара сабақтастықты нығайтуға бағытталды.
Кездесу
барысында оқу мақсаттары, оқыту әдістері мен бағалау құралдарының өзара
сәйкестігі, математика сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыруда цифрлық
технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мәселелері
қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, оқу үдерісінде кездесетін
өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Педагогтердің
кәсіби әлеуетін дамытуға, курста меңгерген білімдерін тәжірибеге енгізуге және
білім беру ұйымдары арасындағы әдістемелік ынтымақтастықты нығайтуға
бағытталған курстан кейінгі қолдау жұмыстары «Ұстаздар үйінде» жыл бойы жүйелі
түрде жалғасын табады.
Басқа жаңалықтар

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу барысындағы әсерімен бөлісті.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.
