Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану туралы модуль ерекше пайдалы болды»

Руслан Ким: «Кибералаяқтықтан қорғану
туралы модуль ерекше пайдалы болды»
«Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығының Жетісу облыстық филиалында «Қаржылық сауаттылық
негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған курстың тыңдаушысы Руслан Ким оқу
барысындағы әсерімен бөлісті.
Тыңдаушы курс
мазмұнының өзектілігін атап өтіп, әсіресе кибералаяқтықтың алдын алу және одан
қорғану мәселелеріне арналған модульдің пайдалы болғанын жеткізді.
Руслан Кимнің айтуынша:
«Маған курстың
мазмұны, әсіресе кибералаяқтық туралы модуль қатты ұнады. Қазіргі
уақытта мұндай ақпараттың маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен қатар курстың
ұйымдастырылу деңгейі де көңілімнен шықты. Алған білімім күнделікті өмірде
қажет болады деп сенемін».
Бүгінгі цифрлық
қоғамда қаржылық қауіпсіздікті сақтау, интернет-алаяқтық әрекеттерін ажырата
білу және жеке деректерді қорғау – әр адам үшін маңызды дағдылар.
Тыңдаушының оң пікірі
курстың практикалық маңыздылығын және оқу үдерісінің сапалы ұйымдастырылуының
мәнін көрсетеді.
«Өрлеу» Жетісу
облыстық филиалы педагогтердің кәсіби дамуына және өмірлік маңызды дағдыларын
жетілдіруге бағытталған оқыту жұмыстарын жалғастыруда.
«Маған курстың мазмұны, әсіресе кибералаяқтық туралы модуль қатты ұнады. Қазіргі уақытта мұндай ақпараттың маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен қатар курстың ұйымдастырылу деңгейі де көңілімнен шықты. Алған білімім күнделікті өмірде қажет болады деп сенемін»— Руслан Ким
Басқа жаңалықтар

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕГЕ
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген білімдері мен дағдыларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануы – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды шарты.

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.
