Өрлеу

СҚО Ұлттық Банк филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасына білім басшылары мен математика мұғалімдері қосылды

СҚО Ұлттық Банк филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасына білім басшылары мен математика мұғалімдері қосылды

 Солтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық Банк филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасы бойынша оқуға білім беру ұйымдарының басшылары мен директорлардың орынбасарлары, сондай-ақ математика пәнінің мұғалімдері қосылды. Тыңдаушылардың бұл санатының курстық дайындыққа қатысуы қаржылық білім беруді басқару деңгейінде де, пәндік оқыту арқылы да жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.

 Курс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлескен жоба аясында «Өрлеу» «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ мен Ұлттық Банк мамандарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Бағдарлама педагогтердің қаржылық сауаттылық саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, оларды оқушыларға қаржылық білім беруге дайындауға және жас ұрпақтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 Курс аясында әзірленген оқу-танымдық анимациялық бейнематериалдар педагогтер үшін пайдалы ресурс болмақ. Олар қаржылық сауаттылық тақырыптарын оқушыларға түсінікті тілде жеткізуге, сондай-ақ 5–6 және 7–9 сынып оқушылары үшін қаржы мәселелерін көрнекі әрі қызықты түрде түсіндіруге көмектеседі. Бейнематериалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген, бұл күрделі қаржылық ұғымдарды қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуге мүмкіндік береді. Педагогтер бұл ресурстарды сабақ барысында, сынып сағаттарында және қосымша білім беру іс-шараларында пайдалана алады.

 Курс барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен, бюджетті жоспарлау, жинақтау, кредиттеу және қаржылық қауіпсіздік мәселелерімен танысып, алған білімдерін оқу процесіне кіріктірудің әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Басшылар мен математика мұғалімдері қаржылық сауаттылықты пәнаралық байланыс арқылы дамыту жолдарын да қарастырады.

 Педагогтерге нәтижелі оқу аптасын тілейміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

СҚО Ұлттық Банк филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасына білім басшылары мен математика мұғалімдері қосылды — Өрлеу