«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды.
Іс-шараның ашылуында сөз алған институт директоры Нұржан Нұрлыбаев апталықтың тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған атап өтті. Сонымен қатар ұжымның бірнеше қызметкерлерін арнайы марапаттап, мерейтойларымен құттықтады.
Бір апта бойы тренерлер өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық топтарда жұмыс істеп, авторлық әдістемелерін ұсынады. Бұл туралы институт директорының орынбасары Ақнұр Сейдалиева түсіндіріп өтті. Нәтижесінде үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізілетінін жеткізді.
Апталық барысында маңызды бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Атап айтсақ, «Шығармашылық старт», «Инновациялық трендтер», «Идеялар шеберханасы», «Педагогикалық Pitching», «Педагогикалық шеберлік панорамасы» секілді бағыттар қамтылған.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.