Өрлеу

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.

 

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың білім беру саласындағы міндеттері аясында Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» БАҰО» АҚ осы басымдықтарды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – «Өрлеудің» Түркістан облысы филиалының ұйымдастырған «ЖИ мектепте: оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар.

 

Семинарға еліміздің түрлі өңірінен 100-ден аса, оның ішінде педагог-ғалымдар, кәсіби даму институттарының өкілдері, білім бөлімдерінің мамандары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шараның ашылуында институт директоры Нұржан Нұрлыбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыста жасанды интеллектіні оқыту жайы кеңінен талқыланды.

 

Семинар аясында педагогтерге арналған шеберлік сыныптары, жасанды интеллект құралдары кіріктірілген сабақтар және бес бағыт бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар ChatGPT EDU, Gemini, Claude AI платформаларын сабақ жоспарлау, тапсырмалар әзірлеу, бағалау және оқытуды даралау мақсатында қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

 

Түркістан облысында өткен республикалық семинар «Өрлеудің» педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға, цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізуге және заманауи оқыту әдістерін таратуға бағытталған жұмысының нақты көрінісі болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ — Өрлеу