«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!

📚 «Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.
Акция аясында филиал ұжымы кітап оқып, шығарма мазмұны мен көтерілген тақырыптар төңірегінде пікір алмасады.
Кітап оқу – рухани дамудың, білім мен таным көкжиегін кеңейтудің маңызды құралы. Оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Біз оқитын, ізденетін, рухани бай ұлт қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймыз!
📖 Кітап оқитын ұлт
болашағына бірге үлес қосайық!
Басқа жаңалықтар


«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды.