Өрлеу

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді.

 

Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты тұрақты түрлі орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсын өткізуде. Бүгін курстың жаңа легі басталды.

 

Курс барысында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған заманауи оқыту әдістері, практикалық тапсырмалар, жағдаяттық талдау және интерактивті тәсілдер кеңінен қолданылуда. Оқытуды «Өрлеу» орталығының тренерлері Жанат Райымқұлова мен Мырзаиым Сариева және Ұлттық Банктің мамандары бірлесіп жүргізеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Педагогтер «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өтуде — Өрлеу