Өрлеу

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы бағытта жүйелік әкімші Маржан Бекбаева күнделікті негізде облыс педагогтеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пилоттық жобаға қатысты өзекті мәселелер бойынша кеңес беріп, мұғалімдерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде.

Жұмыстың басты мақсаты – педагогтерге пилоттық жобаның талаптарын түсіндіру, туындаған сұрақтарға уақытылы жауап беру және аттестаттау үдерісінде әдістемелік әрі ақпараттық қолдау көрсету.

Құрметті Жетісу облысының педагогтері!

Аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша толық ақпарат алу, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды қою және қажетті кеңес алу үшін жүйелік әкімшіге WhatsApp арқылы хабарласа аласыздар.

WhatsApp: 8 705 111 71 45

Ақпараттан хабардар болыңыздар! Сұрақтарыңызды қойып, қажетті қолдауды уақытылы алыңыздар!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ — Өрлеу